Процесс производства кровельных и фасадных материалов

20 жыл Біргеміз! Сіздермен 20 жыл! Сіздер үшін 20 жыл!

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗІМІНЕ

Шілденің 4 – інде «Тритон» компаниясы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті!
2000 жылы барлығы шағын цех пен профильді қаңылтырларды шығаратын екі станоктан басталған, 20 жыл ішінде компания тек Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша шатыр және қасбет материалдарының жетекші өндірушісі болды.

Осы жылдар бойы біз дамуға бар күшімізді салдық.
Біз өндіріске құрылыс нарығына қажетті шатыр және қасбеттік материалдардың жаңа түрлерін енгіздік: металлжабынқыштар, металл сайдинг, еуроқадалар.

Біз барлық жабдықты жаңарттып, шеберханалар мен қоймалардың ауданын ұлғайттық, жаңа сату кеңселерін аштық және клиенттерімізге барынша сапа мен қызмет көрсетуге қол жеткіздік.

«Тритон» компаниясының табысы мен танымалдылығы біздің компанияда қызмет ететін жүздеген адамдардың еңбегі. Бұл біздің компанияда әрбір сату үрдістеріне, өндірісті жаңғыртуға, сапасын бақылау және логистикаға жауапты адамдарга байланысты.

20 жылда біз көп нәрсеге қол жеткіздік, бірақ мұның бәрі біздің клиенттеріміз бен тұтынушыларымыздың арқасында! Осы жылдар бойы бізді таңдағаныңызға рахмет!

 

ЖҮКТЕП АЛУ БАҒАСЫ
Суретте көрсетілген таңбаларды енгізіңіз
«Жіберу» түймесін басқаннан кейін жүктеу автоматты түрде басталады
 
Суретте көрсетілген таңбаларды енгізіңіз
Мамандық кеңес алғыңыз келе ме? Өтініш қалдырыңыз!
- міндетті өрістер
Email немесе телефон нөміріңіз

WhatsApp
(Астана)
WhatsApp
(Караганда)
WhatsApp
(Алматы)